Азия ойындары: биатлоннан Қазақстан әйелдер құрамасы қола медаль жеңіп алды

13.02.2025 09:40

Ел намысын Ольга Полторанина, Дарья Климина, Арина Крюкова және Елизавета Белецкая қорғады

сгенерировано ИИ

Қазақстан әйелдер құрамасы биатлоннан Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Біздің команда 4х6 шақырымдық эстафетада үшінші орынға ие болды. Ел намысын Ольга Полторанина, Дарья Климина, Арина Крюкова және Елизавета Белецкая қорғады.

Бірінші орынды Қытай құрамасы иеленсе, екінші болып Оңтүстік Корея командасы келді.

Айта кетейік, сағат 10:00-де ерлер эстафетасы өтеді.

Оқи отырыңыз: Азия ойындары: ел қоржыны екі медальмен толықты