Бокстан жастар арасындағы әлем чемпионаты: Қазақстаннан кімдер қатысады

elements.envato.com
elements.envato.com

Қазақстан құрамасы іріктелді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

23 қазан мен 3 қараша арасында бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатына баратын Қазақстан құрамасы іріктелді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Аға бапкер Мақсат Бақтыбазаров жаттықтыратын жас боксшылар 13 салмақта сынға түседі.

Атап айтқанда:

  • 48 келі. Диас Берікбай;
  • 51 келі. Бексұлтан Боранбек;
  • 54 келі. Бауыржан Мұратов;
  • 57 келі. Жансері Көшербаев;
  • 60 келі. Алексей Хаванцев;
  • 63.5 келі. Ахмет Үсен;
  • 67 келі. Төрехан Сабырхан;
  • 71 келі. Өнер Сейілхан;
  • 75 келі. Санжарәлі Бегалиев;
  • 80 келі. Мадияр Бексұлтанов;
  • 86 келі. Бақытжан Айтмұханов;
  • 92 келі. Расул Асанхановм
  • +92 келі. Аслан Елдібайұлы.

Бүгінде боксшылар дайындықтың соңғы кезеңін Алматы облысында өткізіп жатыр. Дайындықтан соң бірден әлем чемпионатына аттанбақ. 

Айта кетсек, әлем чемпионаты Черногорияның Будве қаласында өтеді.  

Оқи отырыңыз: Almaty open ATP 250 турнирінің ресми ашылу салтанаты өтті

Новости партнеров