Турнирдің жүлде қоры – 15 мың АҚШ доллары
Амир Омарханов ATP рейтингісінде 1036-орында тұрған қазақстандық теннисші, Тунистің Монастир қаласында өтіп жатқан ITF санатындағы турнирдің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, турнирдің жүлде қоры – 15 мың АҚШ доллары.
«Омарханов екінші айналымда италиялық Лука Констаньоланы (ATP 738) 7:5, 6:2 есебімен сенімді түрде жеңді», - делінен федерация хабарламасында.
Ширек финалда Амир франциялық Шарль Бертимонмен (ATP 1343) немесе турнирдің бірінші ракеткасы саналатын германиялық Том Гентцпен (ATP 472) кездеседі. Бұл ойын ертең, 28 ақпан күні түстен кейін өтеді.
Оқи отырыңыз: Қазақстан құрамасы семсерлесуден Азия чемпионатында үш медальға қол жеткізді
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!