Алматыда студенттер арасында ауқымды спорт лигасы өтіп жатыр. Соның бірі – волейбол турнирі. Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында бастау алған жарысқа 35 жоғары оқу орнынан 40-тан аса команда қатысып отыр. Бұл дода үздік командаларды анықтап қана қоймай, спортқа құлшынысы бар жастарға үлкен мүмкіндік сыйлайды. Ал турнирдің негізгі мақсаты қандай? Жарысқа қатысушы командалардың дайындығына қандай? Турнирде кәсіби төрешілер жұмылдырылған ба?
Осы және өзге сұрақтарға «Алматы» телеарнасының студия қонағы қалалық Волейбол федерациясының бас хатшысы, халықаралық дәрежедегі төреші Ануар Биданов жауап береді.