Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 10 алтын, 5 күміс, 6 қола медаль жеңіп алды
Қазақстан бокс федерациясы 2024 жылы өткен ересектер арасындағы Азия чемпионатының және жастар арасындағы әлем чемпионатының нәтижесі бойынша марапаттау рәсімін өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Nur.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстан бокс федерациясының хабарлауынша, іс-шара барысында Азия чемпионаты мен жастар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпаз және жүлдегер атанған спортшыларға, олардың жеке бапкерлеріне, құрама жаттықтырушыларына және дәрігерлеріне ақшалай сыйақы табысталды,
"Спортшыларға қаржылай сыйақы Азия біріншілігі мен жастар арасындағы әлем чемпионатында алған орындарына қарай бөлініп берілді. Ал бокстан ерлер құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов пен әйелдер құрамасының бас бапкері Елдос Сайдалин 4 миллион теңгеге ие болды", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Таиланд Корольдігінің Чиангмай қаласында өткен Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 10 алтын, 5 күміс, 6 қола медаль жеңіп алған еді.
Бұл Азия чемпионатында Махмұд Сабырхан (54 кг), Бекзат Нұрдәулетов (86 кг), Сағындық Тоғамбай (92 кг), Айбек Оралбай (+92 кг) жеңімпаз атанды. Санжар Тәшкенбай (48 кг), Оразбек Асылқұлов (57 кг), Дулат Бекбауов (67 кг), Абылайхан Жүсіпов (71 кг), Диас Молжігітов (75 кг) күміс медаль иеленсе Ерасыл Жақпеков (80 кг) қола медальді қанжығасына байлады.
Оқи отырыңыз: Теннистен Қазақстан құрамасы халықаралық турнирде көш бастады
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!