7 маусым сағат 9:00-ден бастап жарылыс жұмыстарына байланысты «Сарыөзек – Көктал» Республикалық маңызы бар автожол учаскесі барлық көліктер үшін жабылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы облысы ТЖД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қазақавтожол» ҰК Алматы облыстық филиалы жол жөндеу барысында жарылыс жұмыстары жүргізілетінін хабарлаған. Осыған байланысты «Сарыөзек – Көктал» Республикалық маңызы бар автожол учаскесінде (45-86 шақырым) автокөліктін барлық түрлері үшін қозғалыс жабық.
Төтенше жағдайлар департаменті көлік жүргізушілерінен «Сарыөзек – Көктал» бағытында жолға шықпауды және бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.