«Алтын Орда» базары маңындағы көпір (Алматы-Қаскелең бағыты) жөндеу жұмыстарына байланысты жабылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2-10 шілде аралығында күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты «Алматы-Қаскелең» бағыты бойынша бас магистральдық эстакаданың бір бөлігі жабылады.
«Жолайрықтың сапасына жүргізушілерден бірнеше рет шағым түсті. Мердігер ұйым жөндеу жұмыстарын бастады. Бұл – «Алтын Орда» базары маңының 16-19 шақырымы. Жүргізушілерден маршрутты алдын ала жоспарлауды сұраймыз», - делінген хабарламада.
Бұған дейін әлеуметтік желіде жүргізушілердің бірі «Алтын Орда» маңындағы жолайрықтың сапасын көрсеткен видеосын жариялаған еді. Бейнежазбадан шұңқыр мен кедір-бұдыр жолды байқауға болады.