Ескі асфальт жабынын алу үшін Саин-Шаляпин көшелері қиылысындағы жолайрықтың оңтүстік-батыс бөлігі 6 маусымда сағат 08:00 мен кешкі сағат 19:00 аралығында көлік жүрісі ішінара шектеледі, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Жаңа жабындыны төсеу үшін Саин-Шаляпин көшелері қиылысындағы жолайрықтың батыс бөлігі 6 маусым күнгі сағ. 22:00 мен 7 ішінара, ал 7 маусым күнгі сағат 22:00 мен 8 маусым күнгі сағат 06:00 аралығында толық жабылады.
Аталған жұмыстар орташа жол жөндеу жұмыстары аясында жоспарланған. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз", - делінген хабарламада.