Әкімдердің абыройы жолдың сапасына байланысты болмақ. Рейтинг жасалады. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтің айтуынша, бүгінгі таңда рейтингті анықтау жөніндегі әдістеме әзірленіп, келісу және бекіту рәсімі жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Ал Үкімет басшысы еліміз жол сапасы бойынша әлемде 93-орында тұрғанын сынға алды. Айта кетейік, жолдарды жөндеуге биылғы бюджеттен 601 миллиард теңге бөлінген. 2025 жылға дейін республикалық жолдардың сапасы 100 пайызға жетеді деп жоспарланған.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жолдардың нашар жағдайын бірнеше рет айтты. Әрбір әкім өңірдегі жолдардың жай-күйіне тікелей жауапты екенін атап өткім келеді. Бұған қоса, білікті кадрлар жетіспейді. Жол-көлік инфрақұрылымын жобалау және салу кезінде жаңа құрылыс материалдары мен заманауи технологиялар аз қолданылады. Бұл жолдың сапасы мен оларды жөндеу және салу мерзіміне де әсер етеді», – деді ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов.