Абай мен Саин көшесінің қиылысындағы жолайырықтың батыс бөлігінде оңтүстік бағытта қарай көлік жүрісі уақытша шектелетін болады, деп хабарлайды
Шектеу жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 19 мамыр күнгі сағ.22:00 мен 20 мамыр күнгі сағ.06:00 аралығында қойылады.
Дәл осы жолайрықтың шығыс бөлігінде солтүстік бағытта жол жүру 20 мамыр күнгі сағ.22:00 мен 21 мамыр күнгі сағ.06:00 аралығында шектелетін болады.
Аталған аймақта орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз.