Әлемде коронавирусты жұқтырғандар саны 11,4 млн адамнан асты

Фото: Shutterstock
Фото: Shutterstock
Қайтыс болды – 533 684 науқас
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әлемде коронавиурсқа шалдыққандардың жалпы саны 11,4 млн адамнан асты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Джонс Хопкинс университетінің 6 шілде күнгі мәліметіне сәйкес, әлемде COVID-19 барлығы 11 млн 409 мың 805 адамнан анықталды. Қайтыс болды – 533 684 науқас.

Індетті жұқтырғандар саны ең көп 15 елдің тізімі:

АҚШ – 2 880 130 

Бразилия - 1 603 055 

Ресей – 680 283 

Үндістан – 673 165 

Перу – 302 718 

Чили – 286 931 

Ұлыбритания – 286 931 

Мексика – 256 848 

Испания – 250 545 

Италия – 241 611 

Иран – 240 437 

Пәкістан – 228 474 

Сауд Арабиясы – 209 758 

Түркия – 205 758 

Франция – 204 222 

Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми сайтында мәліметтер 5 шілде, сағат 12.59-да жаңаланған. Оған сәйкес, әлемде COVID-19 індеті 11 125 245 адамнан анықталған. Қайтыс болды –  528 204 науқас.

Новости партнеров