Шереметьево әуежайында өртке оранған ұшақтан адамдарды құтқармақ болған пилоттың суреті жарияланды

Шереметьево әуежайында өртке оранған ұшақтан адамдарды құтқармақ болған пилоттың суреті жарияланды
Видеода ұшқыштың кабина терезесінен шығып, ұшақтың басқышымен қайта салонға кіріп жатқаны көрінеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Желіде Шереметьево әуежайында өртеніп жатқан SSJ-100 ұшағында адамдарды құтқармақшы болған ұшқыштың суреті жарияланды, деп хабарлайды tengrinews.kz.

Жарияланған видеода ұшқыштың кабина терезесінен шығып, ұшақтың басқышымен қайта салонға кіріп жатқаны көрінеді. Кейбір нұсқаларға қарағанда, ер адам салоннан басқа бір ұшқышты алып шықпақ болған.

Экипаж командирі Денис Евдокимовтің әкесі Александр Евдокимов РЕН ТВ телеарнасына ұлының екінші ұшқышқа кабинадан терезе арқылы шығуды бұйырып, ал өзі ұшақта соңына дейін қала бергенін айтады. 

Қазіргі уақытта Денис Евдокимов ауруханада жатыр. Телеарнаның мәліметінше, әкесі экипаж дұрыс ұша алмаған деп айыптамауға шақырады.

«Денис Ил-76 ұшағының командирі болды, кейін екінші пилот болып жұмыс істеді, сосын командир болды. Ұзақ жылдар бойы Boeing-пен ұшты, кейін SSJ-100 ұшағына көшті», - дейді әкесі.

Еске салайық, 5 мамырда Шереметьеводағы ұшақтан шыққан өрттен 41 адамның қаза тапқаны хабарланған болатын. Мәскеуден Мурманск қаласына бара жатқан «Аэрофлоттың» Sukhoi Superjet 100 ұшағы Шереметьево әуежайына шұғыл оралып, оған ұшқаннан кейін 28 минут өткен соң қонуға тура келген. Ұшақ қиын метеожағдайларға байланысты екінші мүмкіндікпен ғана тоқтай алған. Бірақ жерге қонып жатқан кезде тіректері сынып, қозғалтқышынан от шыққан. 

Новости партнеров