Ресейдің халық әртісі, театр және кино актері 79 жастағы Эммануил Виторган қызды болды, деп хабарлайды Sputnik.
Бұл туралы актер әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
"Тағы бір қызымыз дүниеге келді. Анамның құрметіне Клара деп қойдық", - деп жазған актер.
Өткен жылы Эммануил Виторган мен 56 жастағы келіншегі Ириной Млодиктің тұңғышы – Этель есімді қыз дүниеге келген еді. Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, Ирина баланы өзі көтергенін айтқан, бірақ оны екіқабат күйінде ешкім көрмеген. Екінші баланы да суррогат ана туды деген болжам бар, өйткені жуырда ғана ерлі-зайыптыны Юрмаладағы фестивальде көрген.
79 жастағы Эммануил Виторганның бұған дейінгі екі әйелінен бір қызы мен ұлы бар. Ол 5 немере мен екі шөбере тәрбиелеп отыр.
Танымал актер 100-ден астам фильмге түскен.