Жексенбі күнгі мәліметтер бойынша, Үндістанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 3 миллион адамнан асып, соңғы 24 сағатта ауру жұқтырудың 69 239 жаңа оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Небәрі 16 күн бұрын елде коронавирус жұқтыру оқиғаларының саны 20 миллион адамға дейін өсті.
Жаңартылған мәліметтер бойынша, жексенбі күні елде ауру жұқтырудың 69 239 жаңа оқиғасы тіркелген, ауыр дерттен сауығып шыққандар саны 2 миллион адамнан асты.
Соңғы тәулікте Үндістанда вирустан 912 адам қайтыс болып, елде жалпы қайтыс болғандар саны 56 706 адамға жетті.
Сенбі күні Үндістанда 801 147 адамнан сынама алынды. Соның ішінде 69 239 адамнан алынған тест оң болып шыққан. Қазіргі кезде елде 3 529 222 сынама жүргізілген.
Жұма күні Үндістанда 1 миллионнан астам сынама алынып, тестіленді.
Үндістан АҚШ пен Бразилиядан кейін коронавирустан ең көп зардап шеккен елдердің қатарында.
Елдің денсаулық сақтау министрлігі ауыр дерттен қайтыс болудың 70-тен астам пайызы ілеспе аурулардан болғанын атап өтті.