Лондонда белгісіз адам бірнеше кісіні пышақтап тастады. Қылмыскер ізін жасырып үлгерген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Express Qazaqstan сайтына сілтеме жасап.
Ұлыбритания астанасының батыс бөлігіне жататын Брентфорд қаласында белгісіз біреу көшедегі кісілерді пышақтап кеткен, деп мәлімдейді REN.tv телеарнасы.
"Қазір оқиға орнында жедел жәрдем қызметі жұмыс істеп жатыр. Полиция қылмыскерді іздестіруде. Қарулы адам әлі бостандықта", – деп жазды жергілікті басылым.
Қарулы қаскүнемнің қолынан төрт адам жараланып, біреуі қайтыс болған.