Аргентинада су тасқынынан қаза тапқандар саны 16-ға жетті

Фото: ТАСС
Фото: ТАСС

Су тасқыны кезінде жоғалып кеткен екі баланы іздеу жұмыстары жалғасып жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Аргентина үкіметі Буэнос-Айрес провинциясының оңтүстігіндегі су тасқынынан 16 адам қаза тапқаннан кейін үш күндік қаралы күн жариялау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы президент әкімшілігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

"Президент кеңсесі Президент Хавьер Милей жұма күні Баия-Бланка қаласы мен оған жақын аудандарда қолайсыз ауа райының салдарынан отандастарының қазасына байланысты үш күндік аза тұту жариялайтынын хабарлайды", - делінген хабарламада.

Баия-Бланка муниципалитетінің билігінің мәліметінше, бүгінге дейін 16 адам қайтыс болған. Бұған дейін табиғи апат салдарынан 10 адамның қаза тапқаны хабарланған еді. Су тасқыны кезінде жоғалып кеткен екі баланы іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Биліктің мәліметінше, 963 адам эвакуацияланған.

Баия-Бланка портында және оның маңында 7 наурызда қатты жаңбыр салдарынан су тасқыны болды. Бірнеше сағаттың ішінде зардап шеккен аймаққа шамамен 300 мм жауын-шашын түскен, бұл қала үшін тарихи максимум. Қалада электр қуаты үзілген.

Федералды үкімет су тасқынынан зардап шеккендерге көмектесу үшін 10 миллиард песо (9 миллион доллар) бөлуге уәде берді. 

 Оқи отырыңыз: Нью-Йоркте төтенше жағдай жарияланды

Новости партнеров