Ешкім тірі қалған жоқ: АҚШ-ғы ұшақ апатынан 67 адам қайтыс болды

John McArthur/unsplash.com/
John McArthur/unsplash.com/

Жолаушылардың арасында АҚШ-та өткен конькимен мәнерлеп сырғанау жарысынан қайтып келе жатқан спортшылар мен жаттықтырушылар болған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

АҚШ-тың астанасы Вашингтонда болған әуе апатынан борттардағы 67 адам түгелдей қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.

American Airlines авиакомпаниясының Bombardier CRJ700 ұшағы мен Black Hawk (Sikorsky H-60) әскери тікұшағы соқтығысып, екеуі де Потомак өзеніне құлап түскен. Ұшақта 60 жолаушы, 4 экипаж мүшесі, ал тікұшақта 3 әскери қызметкер бюолған. Олардың бәрі қаза тапты.

Жолаушылардың арасында АҚШ-та өткен конькимен мәнерлеп сырғанау жарысынан қайтып келе жатқан спортшылар мен жаттықтырушылар болған, соның ішінде бұрынғы ресейлік спортшылар Евгения Шишкова мен Вадим Наумов та көз жұмды. Олар АҚШ-та жас конькишілерді жаттықтырып жүрген.

АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде өткен брифингте апаттан ешкімнің аман қалмағанын ресми мәлімдеді.

«Халқымыз үшін аза тұту сәті», - деді ол. Трамп бір минут үнсіздік жариялады. Ол қаза тапқан ресейлік спортшылардың денесін еліне жеткізуге көмек көрсететінін айтты.

Оқи отырыңыз: Жыл басынан бері қос азаматтығы бар 91 адам шекарадан өтпек болған

Новости партнеров