Қытайда 17 баланы ұрлап, сатқан әйел өлім жазасына кесілді

Мира Байбек
udn.com
udn.com

Оның алғашқы құрбаны өз баласы болған 

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қытайда сыбайластарымен бірге 17 баланы ұрлап, сатып жіберген 61 жастағы әйел өлім жазасына кесілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қытай прокуратурасының хабарлауынша, Юй Хуаин басқарған қылмыстық топ құрамында басқа да адамдар болған. Қылмыстық топтың құрбандары Гуйчжоу, Юньнань және Чунцин провинцияларының балалары болған. Ұрланған балалар кейіннен Хэбэй провинциясына жеткізіліп, сатылып кеткен.

«Әйел ұрланған сәбилерді баласы жоқ ерлі-зайыптыларға сатып жіберген. Оның алғашқы құрбаны өз баласы болған, яғни өз баласын да сатып жібергені белгілі болды», - делінген хабарламада.

2004 жылы Юй Хуаин адам саудасымен айналысты деген айыппен қамауға алынғанымен, өзі туралы жалған ақпарат беру арқылы ауыр жазадан құтылып кеткен. Сол кезде ол сегіз жылға бас бостандығынан айырылған.

Ал 2024 жылдың қазан айында Гуйчжоу провинциясының соты Юй Хуаинды кінәлі деп тауып, өлім жазасына кесті.

«Сот барысында сотталушының жәбірленушілерге жанашырлық танытпағаны және істеген ісіне өкініш білдірмегені атап өтілген. 28 ақпанда Ю Хуайинге қатысты өлім үкімі орындалды», - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Белгілі актер мен оның музыкант әйелі үйінен өлі табылды

Новости партнеров