Бұл бастаманы Галлхепигген жазғы тау шаңғысы курортының менеджері Пер Арне Воле көтерді
Скандинавия тауларының ең биік нүктесі Галлхепигген тауында еріп жатқан мұздықты жасанды қар көмегімен сақтау жобасы жүзеге асырылуы мүмкін, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Бұл туралы Норвегияның NRK хабар тарату корпорациясы хабарлады.
Бұл бастаманы Галлхепигген жазғы тау шаңғысы курортының менеджері Пер Арне Воле көтерді. Оның айтуынша, жыл сайын шамамен 700 мың текше метр жасанды қар қосу мұздық жағдайын тұрақтандыруға мүмкіндік береді. Ол мөлшері 100-де 100 метрге және биіктігі 70 метрге жететін қар үйіндісі қажет болатынын айтты.
"Тек менің жұмысым кезінде бұл бөліктегі мұздық деңгейі 17 метрге төмендеді. Ешқандай шара қолданылмаса, мұздық сегіз жылдан кейін толығымен жойылып кетуі мүмкін", — деді ол.
Болжам бойынша, мұздық жыл сайын миллион текше метрге дейін қар жоғалтады.
Бұл ретте Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым (ДМО) бұдан бұрын 2024 жыл мұздықтардың еруі мен теңіз деңгейінің көтерілуін жеделдеткен температура бойынша рекордтық жыл болғанын хабарлады.
Сондай-ақ, жылыну циклінің өзгеруі, жанартау атқылауы және атмосфераны салқындататын аэрозоль деңгейінің төмендеуі сияқты факторлар әсер етуі мүмкін.
Оқи отырыңыз: Жамбыл облысында үш бала газдан уланып көз жұмды