Күдіктілер ұрланған алтындарды дүкендердің біріне сатып отырған
Әзербайжан елінің Баку қаласында қабірлерді қазып жүрген ер адам ұсталды, деп хабарлады Almaty.tv тілшісі turkystan.kz-ке сітеме жасап.
Ол қабір тонады деген күдікпен ұсталды.
Насими аудандық полиция басқармасының қызметкерлері 39 жастағы Эльвин Аббасовты қолға түсірген.
Эльвин Аббасов Баку зираттарының бірінде жұмыс істеген және қабірлерді қазып, марқұмдардың аузындағы алтын тістерін ұрлады деген күдікке ілінген. Кейін ұрланған алтындарды дүкендердің біріне сатып отырған.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Оқи отырыңыз: Жамбыл облысында ауыл тұрғындары сағаттап су тосуға мәжбүр