Отандық QazVac вакцинасын өндірушілер мемлекеттік сыйлыққа ие болады

Фото: inbusiness.kz
Фото: inbusiness.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Білім және ғылым министрлігі жоба дайындауда
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Отандық QazVac вакцинасын өндірушілер мемлекеттік сыйлыққа ие болады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен қазір еліміздің Білім және ғылым министрлігі жоба дайындауда, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

«Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2021 жылғы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығын беру туралы» жобасының тізіміне отандық екпе жасауға атсалысқан 7 профессор мен медицина ғылымдарының докторлары енді.

Одан бөлек, жаңа «Розеофунгин-АС» атты отандық препарат әзірлеген 6 қызметкер де марапатталмақ. Сыйақы мөлшерінің жалпы сомасы – 37 миллион 200 мың теңге. Бірақ екі ұжым оны 18 миллион 600 мың теңгеден бөліп алады.

Новости партнеров