Алматыдағы жаппай вакцина: 252 мыңнан аса алматылық екпе салғызды

Almaty.tv
Almaty.tv
Ниет білдірушілер арасында 60 жастан асқан қарт кісілер көп
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда жаппай вакциналау қарқынды жүріп жатыр. Науқан басталғалы 252 мыңнан аса адам екпе салғызды. Әсіресе, ниет білдірушілер арасында 60 жастан асқан қарт кісілер көп. Толығырақ Almaty.tv тілшісі Назгүл Әмірбек тарқатады.

Шаһарда коронавирусқа қарсы екпе алғандар саны 252 431 адамға жетті. Енді қазақстандықтар үш препараттың ішінен коронавирусқа қарсы вакцинаны таңдау мүмкіндігі бар. Жалпы 25 сәуірден бері  2 967 адамның таңдауы QazVac вакцинасына түскен. 3 мамыр күні қытайлық Sinopharm вакцинасының 15 000 дозасы жеткізілген, оның бірінші компоненті 1 048 адамға егіліпті.

Біз қазір №5 клиникалық аурухананың егу пунктіндеміз. Мұнда таңғы сегізден бастап 129 адам екінші және бірінші компонентті қабылдаған.

Дәрігерлер ауруханада жаппай вакцинацияның деңгейі жоғары екенін атап өтті. Мұнда тіркелген 34 мың науқастың 12 мыңына екпе салынған. Бұл ретте, вакцинация ерікті негізде жүзеге асырылады. Ал, тұрғындар Sputnik V, QazVac және HayatVax екпесін таңдай алады.  

«Ең алдымен, сауалнаманы толтыру кезінде олар барлық ауруды көрсетуі керек.  Егер қандай да бір күрделі аурулар, мысалы, онкология, қант диабеті болса, біз ол науқастарға маманмен кеңесуді ұсынамыз. Маман вакцинаға рұқсат беру туралы шешім қабылдайды немесе бізде емдеу курсынан өткіземіз, содан кейін екпе қабылдау немесе мүлде қабылдамау туралы кеңес береміз», – деді қалалық №5 клиникалық-ауруханасының жұқпалы аурулар дәрігері Ольга Антипова.

Бүгінде елімізде егіліп жатқан вакциналар қауіпсіз әрі толық тексеруден өткен. Сондықтан дәрігерлер аурудың алдын алу үшін әріп жаппай иммунитет қалыптастырудың жалғыз жолы вакцина алу екенін айтады. Ал, екпе салдырған алматылықтардан ешқандай шағым болмаған.

«Бүгін осы №5 емханаға келіп вакцина алу үшін келіп тұрмын. Жаңа бірінші компонентін алдым. Әр адам денсаулығы үшін  туған-туысы, балалары үшін алу керек. Өтйкені бұл жұқпалы ауру», – деді қала тұрғыны Фатима Саруарқызы.

«Мен өзімді және туған-туысымды індеттен сақтау үшін екпе ектірдім. 12  сәуірде бірінші компанентті, екінші компаненті 3 мамырда еккіздім. Менің телефонымда қазір вакцина алғаным туралы паспортым да бар», – деді қала тұрғыны Василий Слепцов.

Айта кетейін, бүгінгі таңда мегаполисте  214 вакцинация пункті жұмыс жасап жатыр. Ал, 315 бригадаға 1 282 медицина қызметкері жұмылдырылған.

Назгүл Әмірбек, Ғани Қалуов, «Алматы» телеарнасы

Новости партнеров