Вакцина салдырған ер адамның белсенділігі төмендей ме – Салтанат Байқошқарова жауап берді

100esim.kazcontent.kz
100esim.kazcontent.kz
Екпе салдырудың алдында жүктілікке қатысты толық тексерістен өткен жөн
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Вакцинаның бедеулікке кері әсері жоқ. Биологоия ғылымдарының докторы, репродуктолог дәрігер Салтанат Байқошқарова осылай дейді. Айтуынша, екпе салдырудың алдында жүктілікке қатысты толық тексерістен өткен жөн. Кейіннен өз денсаулығын күтіп, бір айдан кейін балалы болуды жоспарласа болады. Вакцинаға қатысты қоғам арасында кең тараған әңгіменің анық-қанығына мамандар пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Елімізде жаппай халықты иммундау жүйесі жүргізіліп жатқан шақта, көпшілік арасында екпеге қатысты күдік пен күмәннің бар екені жасырын емес. Оның ішінде болашақта әке-ана атануды жоспарлап жүрген жастар өз денсаулығына алаңдаулы. Бірі вакцина бедеулікке әкеледі десе, енді бірі екпеден кейін эко бағдарламасынан бас тарту керек деген әңгімелер айтып жүр. Репродуктолог Салтанат Берденқызы алып-қашпа сөздерге пікір білдірді.  

«Ол да жалған ақпарат. Оны да біреу шығарып алған, тұспалдап. Бізде әңгімені айтса кім айтты, не үшін айтты қарамайды, сынық телефон сияқты. Вакцина салғаннан кейін, екінші дозасын алып болғаннан кейін, бір айдан кейін жүктілікті де, эконы да жоспарлауға болады. Вакцина ауру шақырмайды ғой, иммунитет шақырады. Оның тікелей жүктілікке, бедеулікке кері әсері жоқ», – деді  биология ғылымдарының докторы, репродуктолог дәрігер Салтанат Байқошқарова.

Әйел адам өзінің жүкті екенін екпе алғаннан кейін білсе де, қорқудың қажеті жоқ дейді дәрігер. Ондай жағдайда жергілікті емханаға барып, жоспарлы скрингтерден өтіп, ем-шарасын қабылдау керек екенін айтады. Әлемдегі жетекші мемлекеттердің әдістеріне сүйенсек, вакцинаны жүкті әйелдерге де салу мәселесін көтеріп жатқан көрінеді. Себебі, мұның бала мен ана үшін пайдасы болмаса зияны жоқ, керісінше, бала ағзасында антидене қалыптасып, қорғаныш қабілеті мықты болады деген пікірде. Сонымен қатар, білікті дәрігер ел арасында вакцина салдырған ер адамның белсенділігі төмендейді деген ақпаратқа да нүкте қойды.  

«Вакцина салғаннан еркектің ұрығына тікелей әсері жоқ. Коронавируспен ауырса адам, онда біраз уақытқа дейін ұрығы әлсіреуі мүмкін. Жалпы, тұмауратқан кезде де әлісіреп жатады гой, аналық ұрық, аналық ұрық, біз көбінесе айтамыз ер адамға спермограмма деген анализ бар тапсыратын, соған ауырмай келіңіз, суық тиіп тұрса, екі аптадан кейін келіңіз деп жатамыз. Тікелей вакцина салып, ер адамның ұрығы жоқ болып кетпейді», – деді Биология ғылымдарының докторы, репродуктолог дәрігер Салтанат Байқошқарова.

Ал, Швейцарияның Берн қаласындағы медицина институтының оқытушысы Серік Тұрсын да әлем елдері арасында екпеге үрке қарайтындардың бар екенін айтады. Ол вакцина салдырғаннан адам ағзасында чип орнайды деген әңгіменің түп-төркіні қайдан шыққанын түсіндіріп берді.

«Кішкентай роботтар салып жатыр деген «Файзер» мен «Мадернаға» қатысты айтып жатқандар ғой. Олардың айтуынша, нанопортикаль салып, соны егіп жатыр. Екпенің құрамында нанопортикаль бар деген дұрыс. Бірақ ол метал емес, ол холистирин. Оған магнит жапсырсаң тұрмайды ол, жалған ақпарат ол», – деді Еуропадағы қазақ дәрігерлер қауымдастығының жетекшісі Серік Тұрсын.

Қазір әлем бойынша орта есеппен тәулігіне 9 млн 800 мыңнан астам адам екпе алады. Осы қарқынмен 271 тәулікте әлем халқының 50 пайызы екпе алады деген болжам айтылды. Еске салайық, қазір 2 млрд-тан астам адам КВИ вакцинасын алды.

Ұлағат Арғын, Мұрат Тайжанов, «Алматы» арнасы

Новости партнеров