Алматыда Желтоқсан оқиғасының құрбандарын еске алды

қала әкімдігінің баспасөз қызметі
қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Дін өкілдері құрбандардың рухына арнап құран бағыштады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының құрбандарын еске алу үшін «Тәуелсіздік таңы» монументіне гүл шоғын қою рәсімі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Іс-шараға қала әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбеков, желтоқсан оқиғасына қатысушылар және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Гүл шоғын қойғаннан кейін жиналғандар қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Сонымен қатар, дін өкілдері құрбандардың рухына арнап құран бағыштады.

Еске салайық, 16 желтоқсанда Тәуелсіздік монументіне гүл шоғын қою рәсімі өткен болатын.

Оқи отырыңыз: Алматы әкімі Тәуелсіздік монументіне гүл шоғын қойды

Новости партнеров