Алматыда 40 жылдан астам бұрын пайдалануға берілген құбыр қайта жаңғыртылады

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі
Қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Уақытша құбыр желісін қосу үшін 2 мамырда Төле би – Каримов – Рысқұлов – Чокин көшелерінің аумағындағы бірнеше тұрғын және басқа да ғимараттарға ыстық су беру шектеледі

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда Гоголь көшесінің солтүстігінде, Әуезов және Розыбакиев көшелері арасындағы өнеркәсіптік аймақта орналасқан құбыр ауыстырылады. Құбыр 1979 жылы пайдалануға берілген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жалпы ұзындығы 1,2 шақырым болатын жылу трассасы қаладағы 120-дан астам нысанды жылумен қамтамасыз етеді. Алмалы және Жетісу аудандарының тұрғындарын жазғы маусымда тұрақты ыстық сумен қамтамасыз ету үшін уақытша құбыр желісі тартылады.

Уақытша құбыр желісін қосу үшін 2025 жылғы 2 мамырда сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін Төле би – Каримов – Рысқұлов – Чокин көшелерінің аумағындағы бірнеше тұрғын және басқа да ғимараттарға ыстық су беру шектеледі.

"Жалпы, биыл қала бойынша 39 км жылу желісін реконструкциялау жоспарланған. Бұл тозу деңгейін 54%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауыңызды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Алматыда жақын маңдағы демалыс күнгі жәрмеңкеде 400 тонна ет пен көкөніс сатылады

 

Новости партнеров