Қазақстан мен Ауғанстан сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыруға ниетті

Екі ел арасындағы тауар айналымы 330 млн АҚШ долларына жеткен

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан мен Ауғанстан сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыруға ниетті. Бұл туралы Алматыда өткен бизнес-форумда айтылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Екі ел арасындағы тауар айналымы биылғы 8 айда 330 млн АҚШ долларына жеткен. Бүгінгі іс-шарада бұл көрсеткішті үш есе ұлғайтып, транзиттік тасымал жүйесі, салық пен виза мәселесін екіжақты келісіммен шешу жолы қарастырылды. Одан бөлек, форумда ауыл шаруашылығы, тау-кен өнеркәсібі және энергетика сынды негізгі салалардағы ынтымақтастық сөз болды.

"Екі ел арасындағы сауда айналымын 3 миллиард долларға дейін жеткізу жол картасына қол қойдық. Жол картасында бірнеше мәселе шешіледі. Банк, Қазақстанның экспорты мен импорты, көлік, инфрақұрылым мәселесін талқылап, шешімін табу – мақсат", – деді ҚР Сауда және интеграция министрінің орынбасары Қайрат Төребаев.

Оқи отырыңыз: Менің елім – менің туым: Алматы облысында акция басталды

 

Новости партнеров