Грузияда қаза тапқан қазақстандық қыздың туысы өзіне тағылған айыппен келіспейді

Грузияда қаза тапқан қазақстандық қыздың туысы өзіне тағылған айыппен келіспейді
Бір жыл өтсе де полицейлер өлім фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бір жыл бұрын Грузияда қаза тапқан қазақстандық қыздың туысы өзіне тағылған айыптармен келіспейді, деп хабарлайды Almaty.tv. тілшісі.

Күдіктінің қорғаушысы Мұрат Мейірбековтің айтуынша, тергеу біржақты жүріп жатыр. Қылмыстық іске ешқандай қатысы жоқ куәгерлерден жауап алынған. Сонымен қатар, адам саудалады деген айыптан бөлек, оған Әсел Айтбаеваны зорлады деген кінә тағылып отыр.

«12 ай ішінде Мейірбековтің қатысуымен бірде-бір тергеу әрекеті жүргізілген жоқ. Ол қазір темір торда қамауда отыр. Біз іс-материалдарының бір бөлігімен таныстық, белгілі бір жұмыс жүргізілді.  Марқұмның сыныптастарынан, көршілерінен, әріптестерінен жауап алынды. Олардың бұл қылмыстық іске еш қатысы жоқ», – деді адвокат Шыназбек Бекмаханов.

Еске сала кетейік, қазақстандық Әсел Айтпаева жұмбақ жағдайда Грузияда қаза тапты. Бір жыл өтсе де полицейлер өлім фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Новости партнеров