Алаяқтар енді Димаш Құдайбергеннің есімін пайдаланып, жұртты алдауға көшкен

instagram.com/kudaibergenov.dimash
instagram.com/kudaibergenov.dimash

Видео жалған дауыспен дыбысталған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әлеуметтік желілерде әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің видеосы таралып жатыр. Ол роликте «Қазатомөнеркәсіп» инвестициялық платформасындағы пассивті табыс табу мүмкіндігі туралы айтады. Қатысушыларға бірінші аптада 400 мың теңгеден бастап кепілдендірілген төлем төленеді екен, ал табыс мөлшері инвестордың жасына байланысты болады. Бұл – фейк, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

Видео жалған дауыспен дыбысталған. Негізге Димаштың 2023 жылдың 29 сәуірінде Sputnik Armenia радиосының журналисіне берген сұхбаты алынған. Оны станцияның ресми YouTube арнасынан көруге болады.

Түпнұсқа видеода артист Арменияға деген сүйіспеншілігі, жеке өмірі мен шығармашылықтағы жоспарлары туралы айтады. Сұхбатта «Қазатомөнеркәсіп» платформасы туралы ақпарат жоқ.

Сенімдірек болуы үшін алаяқтар роликке «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының логотипін қойған. Алайда компанияның ресми сайтында инвестициялық платформаны іске қосу туралы ештеңе жазылмаған. Ал алаяқтардың әрекеті туралы ескерту бар.

«Фейк видео «Ұлттық даму бағдарламасы» деп аталатын Facebook парақшасы арқылы таратылуда. Қазақстанда мұндай мемлекеттік бағдарлама жоқ. Президенттің сайтында да, Үкіметтің ресми ресурстарында да бұл туралы айтылмаған. Бұл да қарастырылып отырған жағдайдың мұқият ойластырылған алаяқтық схема екендігінің тағы бір дәлелі», - делінген хабарламада.

Алаяқтар Димаш Құдайбергеннің есімін, қолдан жасалған видеоны және мемлекеттік құрылымдарға жасалған жалған сілтемелерді сенімділікті ояту және пайдаланушыларды шатастыру үшін пайдалануда. Күмәнді сілтемелер бойынша өтпеңіз. Бір рет басып, ақшаңыздан айырылып, жеке деректеріңізді жария етуіңіз ықтимал.

Оқи отырыңыз: Заңсыз алтын өндірумен айналысқан 5 кәсіпорынның әрекеті тоқтатылды - ІІМ

Новости партнеров