Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін ел азаматтарының үлкен бір тобы мемлекеттік наградалармен марапатталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Олардың қатарында өндіріс, бизнес, білім беру, денсаулық сақтау салаларының көрнекті өкілдері, әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, спортшылар, соғыс және еңбек ардагерлері, мәдениет және ғылым қайраткерлері бар.
«Қазақстанның Еңбек Ері» атағы Қазақстан Республикасының экономикасын дамытудағы және өндірістік қызметтегі ерекше еңбегі үшін Павлодар облысы «Еуроазия энергетикалық корпорациясы» АҚ «Восточный» кенішінің машинисі Мұрат Қайыргелдинге және Теміртау металлургия комбинатының атқарушы директоры Вадим Басинге берілді.
«Отан» орденімен «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының жетекші солисі Майра Мұхамедқызы марапатталды. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, «Kazakhmys Holding» ЖШС президенті Владимир Ким, «BSB» Қаржы-өнеркәсіп корпорациясы» ЖШС президенті Рашит Сарсенов; І дәрежелі «Барыс» орденімен Жәния Әубәкірова авторлық мектебінің директоры Жәния Әубәкірова, ақын Шөмішбай Сариев, Алматы облысы «Хильниченко и К» коммандиттік серіктестігінің төрағасы Виктор Хильниченко; ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен жазушы, «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры Әлібек Асқар, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті жанындағы орталықтың жетекшісі Әлия Бейсенова, Конституциялық Кеңес мүшесі Асхат Дауылбаев, Қызылорда қаласындағы «Болашақ» университетінің ғылыми басшысы Бақберген Досманбетов, Парламент Сенатының депутаты Мұхтар Құл-Мұхаммед; ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен Парламент Мәжілісінің депутаты Омархан Өксікбаев марапатталды.
Белгілі ғалымдар, мәдениет қайраткерлері, өндірістік сала өкілдерінің еңбектері «Парасат» орденіне лайық деп танылды. Олардың арасында Ұлттық ғылым академиясының академигі М.Баймаханов, «Бүркіт» мемлекеттік авиакомпаниясы» РМК директоры А.Дзюба, «Ақмола-Тіршілік» ЖШС директоры Ж.Ерғалиев, «Бибі-Ана» қайырымдылық қорының президенті Б.Иманғазина, Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің антропологы О.Ысмағұлов, «Ауыл шаруашылығы жұмыскерлерінің салалық кәсіби одағы» АҚ төрағасы Е.Каппель, Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының әртісі Т.Мейрамов, Қазақстанның тұңғыш Президенті – Елбасының көмекшісі Д.Ақышев, Премьер-Министрдің орынбасары А.Смайылов, Сыртқы істер министрі М.Тілеуберді, ақын Р.Ниязбек, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті жанындағы ғылыми-практикалық орталықтың директоры Ф.Оразбаева, Қостанай облысы «Фрунзенское» ЖШС директоры Н.Шерер бар.
І дәрежелі «Достық» орденімен «Мабетекс групп» компаниясының негізін қалаушы Б.Паколли марапатталды. ІІ дәрежелі «Достық» орденіне Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі З.Аманжолова, Түркістан облысы «YDA Group» директорлар кеңесінің төрағасы А.Хусейн, Қызылорда облысы әкімі аппаратының жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ сарапшысы С.Крюгер, дипломатиялық қызмет ардагері Б.Нұрғалиев, Н.Сац атындағы Мемлекеттік балалар және жасөспірімдер академиялық орыс театрының әртісі Т.Тарская, Жамбыл облысы бойынша Махмұд Қашғари атындағы Ұйғыр этномәдени бірлестігінің төрағасы М.Турдыева, Шығыс Қазақстан облысы «Семена масличных» ШҚ басшысы Л.Цыбенко және басқалар ие болды.
«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы ғылым және мәдениет саласының 21 көрнекті өкіліне берілді, олардың ішінде белгілі әншілер Ж.Айжан мен Т.Серіков, ғалым Р.Жансараева, ақын И.Сапарбай, актер С.Матвеев, өнертанушы К.Ли, театр және кино әртістері З.Карина, Б.Тушаев және басқалар бар.
Белгілі ғалымдар, мәдениет қайраткерлері, өндірістік сала өкілдерінің еңбектері «Құрмет» орденімен бағаланды. Олардың қатарында Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі жанындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның әншісі С.Айтбаева, Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Төтенше және өкілетті елшісі Ж.Әділбаев, жазушылар С.Дәуітов және А.Кемелбаева, «Дизайнерлердің еуразиялық одағы» акционерлік қоғамының төрағасы Е.Асылханов, Маңғыстау облысы Жаңаөзен политехникалық колледжінің директоры Т.Болатбаева, Түркістан облысы Арыс қаласы В.Комаров атындағы №8 жалпы білім беретін орта мектебінің мұғалімі Т.Бородина, Алматы қаласы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерт ұйымының әртісі М.Жүнісова, «Қазақпарат» халықаралық ақпараттық агенттігі бас директорының кеңесшісі К.Әбуова, Солтүстік Қазақстан облысы «Раисовское» ЖШС директоры В.Коваленко, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы Д.Қуатов, Ақтау қаласы «Ақ Бидай-Терминал» АҚ басқарма төрағасы С.Көбейсінов, қоғам қайраткері Қ.Жолдыбайұлы, ақын С.Дүйсенғазы, М.Әуезов атындағы Мемлекеттік қазақ академиялық драма театрының әртісі Ш.Меңдиярова, Павлодар қаласындағы №3 қалалық ауруханасының бөлім меңгерушісі В.Павлов, «Атырауинжстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Директорлар кеңесінің төрағасы В.Пак, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі А.Омарова, айтыскер ақын А.Тұрсынбаева, актер Ә.Райынбеков, «Ақтөбе облысы Чернобыль мүгедектері» АҚ төрағасы Б.Сатов, Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясының солисі С.Таудаева, еңбек ардагері К.Әлпейісова, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің кафедра меңгерушісі Т.Қайыркен, ғалым О.Сәбден және басқа да тұлғалар бар.
Өнеркәсіп, көлік, құрылыс, ауыл шаруашылығы, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету және және басқа да салалардың 94 еңбеккері ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденінің иегерлері атанды.
Әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы, елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін нығайтуға қосқан үлесі үшін әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдары өкілдерінің бір тобы І және ІІ дәрежелі «Даңқ», сондай-ақ, І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Айбын» ордендерімен, «Ерлігі үшін» және «Жауынгерлік ерлігі үшін» медальдарымен марапатталды.
Наградталғандардың тізімі баспасөзде жарияланады.