Ақтауда құбырдан атқылаған ыстық суға күйіп қалған баланың жағдайы ауыр

Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтауда жылу құбыры жарылып, 11 жастағы баланы күйік шалды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер жеткіншектің жағдайын ауыр деп бағалап отыр. Оқиға №15 шағын аудандағы 13-үйдің жанында болған. Бала тайып кетіп, құбырдан атқылаған ыстық суға күйіп қалған. Оқыс жағдайға көктайғақ пен жылу желісінің ескіруі себеп болған көрінеді. Ал коммуналдық мекеменің қызметкерлері оқиға орнында таңға дейін жұмыс істеп, ақауды жойған.

 «Жарылыс болғанда бала түсіп кеткен. 20-30 минут аралығында жылу жүйесін анықтап, қоршау қойылды. Магистральды құбыр болған соң, 4 жерден жабылды, жұмыс  4-5 сағатқа созылды, – деді «Каспий жылу, су арнасы» МКК директорының орынбасары Ержан Жеңісұлы.

Қазір науқас облыстық көпбейінді балалар ауруханасында жатыр. Әзірге дәрігерлердің бақылауында болады. Жеткіншекті 2 және 3 дәрежелі күйік шалған. Оған травматологтармен бірге хирургиялық өңдеу жасалды.

 «Екі санының, балтырының 2, 3-дәрежелі күйік ауруымен келіп түсті. Келгендегі жағдайы өте ауыр болды. Күйік ауруына байланысты, күйіктің көлемі 30 пайыз және баладан травматикалық шоктың болуына байланысты жансақтау бөлімшесіне жатқызылды. Қарқынды терапия нәтижесінде жағдайы ауыр. Динамикада тұрақты, есі айқын, қазіргі таңда гимадинамикалық өзгерістер жоқ, – деді Маңғыстау облысы Көпбейінді балалар ауруханасы жансақтау бөлімінің меңгерушісі Мереке Бекбаев.

Оқи отырыңыз: Өз туыстары зорлаған: мүгедектігі бар жігіт жылдар бойы қорлық көріп келген

Новости партнеров