Ақтөбеде полицей қызметтік қаруынан әріптесіне оқ атты

Max Kleinen /unsplash.com/
Max Kleinen /unsplash.com/

Жарақат алған полицей ауруханаға жатқызылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтөбе облысында полиция қызметкері қызметтік қаруынан оқ атып, әріптесін жаралады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.

Жарақат алған полицей ауруханаға жатқызылды. Болған оқиғаға қатысты облыстық Полиция департаменті түсініктеме берді.

«Алдын ала мәлімет бойынша, полиция қызметкері қауіпсіздік шараларын сақтамай, өзінің қызметтік қаруынан бір рет абайсызда оқ атқан, нәтижесінде оның танысы жарақаттанған. Зардап шегуші медициналық мекемеге жатқызылды.

Осы факті бойынша ҚР ҚК 371-бабы «немқұрайлылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Болған оқиға анықталып жатыр.

Қызметкер қызметтік міндеттерін орындаудан шеттетілді. Тергеу барысы полиция департаментінің бақылауында», - делінген ПД хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Арал теңізінің құрғаған ұлтанына сексеуіл тұқымы дронмен себіле бастады

Новости партнеров