Алматы маңында 110 гектар жерге әйгілі апорт алмасының көшеттері егілмек

pixabay.com
pixabay.com

Жаңа бақшалардан алғашқы өнім сегіз жылдан кейін алынады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биыл Алматы облысында әйгілі «Апорт» бақтарын отырғызу басталмақ. 2025-2028 жылдарға арналған жоба 25 мың көшет өсіруді және 110 гектар алқапта алма бақтарын отырғызуды көздейді, деп хабарлайды Аlmaty.tv ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі таңда жоба толық қаржыландырылып, Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты қызметкерлері Жол картасын іске асыруға кірісті.

«Біз бұл сортты жаңғырту отандық бау-бақша шаруашылығын дамытудағы маңызды қадам болатынына және қазақстандықтарды сапалы әрі дәмді жемістермен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретініне сенімдіміз», - деп атап өтті Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының өкілдері.

Жаңа бақшалардан алғашқы өнім сегіз жылдан кейін алынбақ. Ғалымдар заманауи агротехнологияларды ескере отырып, өнімділік алғашқы кезеңдерінде бір ағашқа 57,7 кг және ересек ағашқа 100 кг дейін жететініне сенімді.

«Апорт» тек ерекше дәмімен ғана емес, сонымен қатар ұзақ сақталатын жеміс, осының арқасында алыс-жақын елді-мекендерге оңай тасымалдауға болады. Заманауи технологияларды қолдану арқылы апортты маусым айларына дейін сақтауға мүмкіндік бар.

Мамандардың пікірінше, Апорттың қайта жандануы шаруа қожалықтарының дамуына жаңа мүмкіндіктер ашып, ауыл шаруашылығы саласына инвестиция тартуға мүмкіндік береді.

Оқи отырыңыз: Сейсмикалық ахуалды бақылау жөніндегі жедел штаб тәулік бойы жұмыс тәртібіне көшті

Новости партнеров