Алматы облысында мешіт маңынан жас жігіттің денесі табылды

polisia.kz
polisia.kz

Қылмысқа күдікті тұлға анықталды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласындағы мешіттің маңында жігіттің мәйіті табылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Stan.kz-кесілтеме жасап. хабарлайды.

Әлеуметтік желілерде 29 наурызға қараған түні Есік қаласында мешітке жақын жерде жігіттің қаза тапқаны туралы ақпарат тарады. Полиция бұл ақпаратты растады.

Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазірдің өзінде қылмысқа күдікті тұлға анықталды.

"Оны ұстауға бағытталған бірқатар жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталып, оқиғаның барлық қатысушылары мен куәгерлері жауап алып отыр. Полицейлер кісі өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады", – деп хабарлады департамент.

Полицейлер тергеу барысы облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында екенін атап өтті.

Оқи отырыңыз: Ілбістер тұран жолбарысының тағдырын қайталауы мүмкін – министрлік

Новости партнеров