Сот залында сотталған адам қамауға алынды
Жолдыбаевқа 5 жыл мерзімге коммерциялық және қаржы ұйымдарының басшылығымен байланысты қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 5 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Антикорға сілтеме жасап.
Бұған дейін 9 қаңтарда Алматы қаласының Бостандық аудандық соты «Алматы Су» коммуналдық кәсіпорнының күрделі құрылыс департаментініңдиректоры М. Жолдыбаевтың үкімін жариялады.
"Ол орындалған жұмыс актілеріне кедергісіз қол қою және қаланың кәріз жүйелерін күрделі жөндеу және сумен жабдықтау жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша бюджет қаражатын аудару сылтауымен кәсіпкерден 75 млн теңге жымқыруға оқталғаны үшін кінәлі деп танылды", — делінген хабарламада.
Жолдыбаевқа 5 жыл мерзімге коммерциялық және қаржы ұйымдарының басшылығымен байланысты қызметпен айналысуға тыйым сала отырып, шартты түрде 5 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.
Қадағалаушы прокуратураның наразылығы бойынша Алматы қалалық сотының сот алқасының қаулысымен бірінші сатыдағы соттың үкімі өзгертілді.
Сот залында сотталған адам қамауға алынды.
Үкім заңды күшіне енді.
Оқи отырыңыз: Ақтауда жаңа қоқыс контейнері жер астына түсіп кеткен