Аталған оқиға бойынша 3 қылмыстық іс қозғалды
Ішкі істер министрлігі Алматы әуежайында болған оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қолына пышақ ұстаған ер адам әуежай қызметкерін кепілге алып, рюкзагында "бомба" бар деп жолаушыларды қорқытқан.
Аталған факт бойынша үш қылмыстық іс қозғалды:
Ведомствода хабарлағандай, оқиғаның мән-жайын тексеру үшін жедел-тергеу тобы құрылды.
Зардап шеккендер жоқ.
Сот шешімімен күдіктіге қатысты екі айға қамауда ұстау туралы бұлтартпау шарасы санкцияланды.
Сонымен қатар Ішкі істер министрі Ержан Саденовтың тапсырмасымен елдегі әуежайлар мен вокзалдардағы қауіпсіздік жүйесі тексерілуде. Негізгі назарда:
ІІМ жағдай толық бақылауда екенін, болашақта мұндай оқиғалардың алдын алу үшін барлық қажетті шаралар қабылданатынын атап өтті.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда үш күнде қару жасырылған 30-дан астам орын анықталды