Алматыда демалыс күндері 28 мас жүргізуші ұсталды

Aedrian Salazar/unsplash.com/
Aedrian Salazar/unsplash.com/

Солардың бірі – Рысқұлов даңғылында Lada автокөлігінің жүргізушісі

Жаңалықтармен бөлісіңіз

"Қауіпсіз жол" жедел алдын алу іс-шарасы аясында өткен демалыс күндері Алматыда көлікті мас күйде басқарған 28 жүргізуші ұстады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Солардың бірі – Рысқұлов даңғылында Lada автокөлігінің жүргізушісі. Ол полиция қызметкерлері тоқтатқан кезде тексеріліп, сараптама бойынша оның "жеңіл дәрежедегі" мас күйде болғанын расталды.

"Қауіпсіз жол" іс-шарасының мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы ережелерінің бұзылуына тосқауыл қою және әсіресе мас күйде көлік жүргізу деректерін болдырмау. Жыл басынан бері Алматы қаласында 800-ден астам мас жүргізуші анықталып, барлығы заң аясында жауапкершілікке тартылды.

Оқи отырыңыз: Алматыда үш қаржы пирамидасы қызметі тоқтады

Новости партнеров