Алматыда мектеп басшылары педагогикалық құрамды дамыту әдістерін меңгереді

Алматыда жобалық офистердің әдіскерлері мен басшылары үшін тәжірибе алмасу бағдарламасы өтті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда жобалық офистердің әдіскерлері мен басшылары үшін тәжірибе алмасу бағдарламасы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Үш күндік тағылымдама барысында қатысушылар команда құрудың тиімді тәсілдерін, мақсатты мектептермен жұмыс істеу және педагогикалық құрамды дамыту әдістерін меңгереді. Іс-шара аясында Наурызбай ауданындағы мектептердің жұмысы таныстырылса, қатысушылар оқу орындарының инфрақұрылымымен де жақынырақ танысты. Жиын соңында үздік тәжірибелерді енгізу бойынша жол картасы әзірленіп, қатысушыларға сертификат табысталды.

 «Баршаға қолжетімді сапалы білім ұлттық баяндамасы аясында жүзеге асырылып жатқан 943 елдің мақсатты мектептерін дамыту жобасы – еліміздің білім беру саласындағы стратегиялық маңызды қадамдарының бірі. Бұл жоба арқылы әрбір баланың сапалы білімге қолжетімділігін қамтамасыз етіп, мектептер арасындағы білім беру алшақтығын азайтуға нақты мүмкіндік алып отырмыз», – деді Білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми әдістемелік орталығы директорының орынбасары Сандуғаш Атейбек.

 «Бүгінгі іс-шара өте пайдалы деп ойлаймын. Себебі барлық 21 өңірден жаңағы кеңсе жобаларының әдіскерлері жиналып, тәжірибе алмасуда», – деді Қарағанды облысы білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталағының әдіскері Әнел Кәкімбекова.

Оқи отырыңыз: Ақтауда тұрғындар 8 миллиард теңгеге жуық қаражатынан айырылып қалды

Новости партнеров