Алматылық оқушылар соғыс ардегерлерімен кездесті

Алматыда Отан соғысына қатысқан 21 ардагер бар

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Желбірей бер, Жеңіс туы, мәңгілік». Алматының Жетісу ауданындағы № 108 мектеп-гимназиясында осындай атаумен патриоттық іс-шара өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жеңістің 80 жылдығына орай, ұйымдастырылған жиынға Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрметті қызметкерлері, ауған соғысының ардагерлері мен білім басқармасының өкілдері қатысқан. Мұнда оқушылар концерттік бағдарлама өткізсе,  Ұлттық ұланның әскери құрамасы өз шеберліктерін көрсетті. Кездесуге жиналғандар бейбіт күннің бағасын білу маңызды деп атап өтті.

 «Өскелең ұрпаққа бейбіт күннің, ұлан-ғайыр даланың қандай күшпен келгенін ұғындыру маңызды. Кез келген бала ата-баба тарихынан хабардар болуы тиіс. Қазір Алматыда Ұлы Отан соғысына қатысқан 21 ардагер бар. Сондықтан осындай жиындарда естеліктерін тыңдап, естерінде сақтағаны жөн», – деді «Ардагерлер ұйымы»  РҚБ Жетісу аудандық филиалының төрағасы Тамара Шакирова.

«Мектепте көптеген іс-шара ұйымдастырылды. Көрме, оқушылар арасында көркем сөз шеберлерінің байқауы, спорттық іс-шаралар және мұғалімдер арасында да сайыс өтті»,  – деді № 108 мектеп-гимназиясының директоры Руфинат Әлдіғазы.

Оқи отырыңыз: Ардагерге құрмет: алматылық еріктілер майдангерлердің шаңырағына барды

Новости партнеров