Аса ірі мөлшерде алаяқтық жасаған қазақстандық азамат Ресейден экстрадицияланды

Markus Spiske/unsplash.com/
Markus Spiske/unsplash.com/

Бизнес субъектісінен 50 млн теңге алған ол қылмыстық жауапкершіліктен жалтару мақсатында жасырынған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Ресей Федерациясынан аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген күдікпен қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін қазақстандық азамат экстрадицияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Аталған тұлға 2017 жылы жалған фирма құрып, контрагентке битум жеткізу бойынша жалған коммерциялық ұсыныс жіберген.

"Бизнес субъектісінен 50 млн теңге алған ол қылмыстық жауапкершіліктен жалтару мақсатында жасырынған, осыған байланысты халықаралық іздеу жарияланған", - деді Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Өткен жылдың қазан айында күдікті Ресей Федерациясының Орлов облысында ұсталып, кейін Қазақстанның Бас прокуратурасының сұранысы бойынша отанына экстрадицияланды.

Тағылған айып бойынша оған мүлкін тәркілей отырып, бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Оқи отырыңыз: Алматыда 87 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

Новости партнеров