Жеңістің 80 жылдығына арналған парадқа дайындық жұмыстары басталды
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған Астана қаласында өтетін әскери парадқа дайындық шараларына байланысты 13 наурыздан бастап жеке құрамды тасымалдау және әскери техниканың теміржол көлігімен де, өз жүрісімен қозғалысы басталады деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осыған орай еліміздің кейбір аймағындағы жолдардың жекелеген учаскелерінде жол қозғалысына уақытша шектеу енгізілуі мүмкін.
Сондай-ақ 2025 жылғы 22 сәуір мен 7 мамыр аралығында әскери авиацияның жаттығу ұшуларын жүргізу үшін Астана қаласында әуе кеңістігін пайдалануға қысқамерзімді шектеулер қойылады.
«Осыған байланысты әуе рейстерінің кестесіне де өзгерістер енгізілуі мүмкін. Біз азаматтарға рейстер туралы ақпаратты алдын ала нақтылауды ұсынамыз. Енгізілген шектеулерге түсіністікпен қарауды, жалған ақпарат таратпай, тек ресми дереккөздерге жүгінуді сұраймыз», - делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу: Алматыда қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жиын өтті