Атырауда 100-ден аса жеткіншек онкологиялық дертке шалдыққан

Дәрігерлер дерттің  көбеюіне бірнеше фактор әсер ететінін айтты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атырауда онкологиялық дерт дендеген балалар көбейген. Қазір өңірде 102 жеткіншек аты жаман аурумен күрессе, тағы 52 бала диспансерлік есепте тұр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қала тұрғыны Гүлзира Семғалиеваның 14 жастағы қызына дәрігерлер қатерлі ақ қан диагнозын қойған. 7 жылдан бері аурумен күресіп жүрген олар жылына екі рет дәрігерлердің бақылауынан өтіп тұрады. Бүгін де кезекті процедураға келген. Қазір қыздың жағдайы қалыпты.

"1-сыныптың табалдырығын аттағанда қызым ауырып, құлады. Тамағы ауырды, дене қызыуы көтерілді. Дәрігер  лейкоз деген диагноз қойды. Қадағалаймыз. Сабаққа барады, қатысады", – деді ата-ана Гүлзира Семғалиева.

Дәрігерлер дерттің  көбеюіне бірнеше фактор әсер ететінін айтты. Нақтырақ айтсақ, біріншіден өңірдің экологиялық ахуалы. Тұқым қуалаушылық, яғни генетикалық жағдай  басты себеп болады. Облыс бойынша 5 мыңнан  астам адам обыр ауруымен ауырады. Қазір мамандар дерт дендемеуі үшін  науқастардың отбасыларымен профилактикалық жұмыс жүргізуге көшкен.

"Тұқым қуалаушылық, яғни генетикалық жағдай  басты себеп болады. Қалыпты жағдайдағы клеткалар қатерлі ісіктің клетакаларына трансформация жасалады. Гендерін зерттейді. Қай  уақытта, қай жерде генде мутация болды, анықтап, терапия жүргізіп жатырмыз", – деді облыстық балалар ауруханасының онкологі Гүлжан Ілиясова.

Облыстық балалар ауруханасында қатерлі дертке шалдығып, 5 жылдан бері дәрігер бақылауында тұрған 12 бала бар. Лейкоз дертіне шалдыққан 52  жеткіншек бар десек, оның 39-ы сауығып шыққан. Ал онкологиялық диспансерде 5100-ден астам науқас обыр ауруына шалдықты деп тіркелген.

Жұлдыз Қайратқызы, Атыраудан

Оқи отырыңыз: Семейдегі жасөспірімді ұрып-соғу оқиғасы: министрлік видеоны таратпауға шақырды

Новости партнеров