Белгілі этнограф Болат Бопайды қазақ жұрты ақтық сапарға шығарып салды

Almaty.tv
Almaty.tv

Телеарна ұжымы марқұмның туысқандарына, жақындарына қайғыра көңіл айтады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Белгілі этнограф Болат Бопайды бүгін қазақ жұрты ақтық сапарға шығарып салды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ұлттық салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымызды зерттеуге бар ғұмырын сарп етіп, білгенін бөліскен Болат Бопайұлы 1960 жылы Шыңжаң өлкесіндегі Көктоғай ауданында дүниеге келген. Сонда білім алып, еңбек жолын бастаған. Кейінгі жылдары «Қазақ» радиосында, «Қазақстан» телеарнасында редактор, сценарист қызметін атқарған. Қазақ этнографиясы тақырыбында 30-дан аса кітап жазып, мыңға жуық ғылыми мақала жариялаған. Ал бірер күн бұрын ағамыз телеарнамызға келіп, «Жаңа көзқарас» бағдарламасына қатысып, Наурыз мейрамының маңызы мен тарихы жайында кең көлемде сұхбат берген еді.

Телеарна ұжымы марқұмның туысқандарына, жақындарына қайғыра көңіл айтады.

Этнограф Болат Бопай қатысқан бағдарлама бүгін эфирде қайта көрсетілді.

Оқи отырыңыз: Болат Бопайдай қажырлы еңбек иесі ілеуде біреу туады - ақын

Новости партнеров