Берденов аяққа тұра ма: Денсаулық сақтау министрі мәлімдеме жасады

Оққа ұшқан шенеунікке дәрігерлер төрт сағат бойы операция жасаған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланып отыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хаьарлайды Almaty.tv.

Оққа ұшқан шенеунікке дәрігерлер төрт сағат бойы операция жасаған.

Айта кетейік, 21 сәуірде Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасалған еді. Полиция күдіктіні ұстап, тергеу изоляторына қамады. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

 «Оның жағдайы тұрақты ауыр. Түскен бойда екі бригаданың хирургтары 4 сағат бойы шұғыл көмек көрсеткен. Науқасқа ота жасалып, жағдайы тұрақтанды. Аяққа тұрды деуге болады. Бірақ әлі де дәрігерлердің бақылауында», – деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова7

Оқи отырыңыз: Чика бұйрық бергеннен кейін төбелес басталды: Нұрғанат Ғайыпбаевтың түсініктемесі оқылды

Новости партнеров