Биыл 36 жас ғалым тегін пәтер алды

Almaty.tv
Almaty.tv

2024 жылы 315 жас ғалым баспаналы болды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекет ғалымдарға, оның ішінде жас ғалымдарға жан-жақты қолдау көрсетеді. Президенттің тапсырмасы бойынша олардың әлеуметтік мәртебесін арттыру және ғылымға жас кадрлардың келуін ынталандыру мақсатында 2024 жылы 315 жас ғалым пәтер алды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның 290-ы «Отбасы банкімен» бірлесіп іске асырылатын арнайы ипотекалық бағдарлама аясында, ал 25-і өтеусіз негізде тұрғын үй алды.

2025 жылдың басынан бастап 36 жас ғалым тегін негізде пәтер алды.

Елде ғылыми зерттеулермен 425 ұйым айналысады, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 11-ге көп. Ғылыми қызметкерлер саны 25,4 мың адамға жетті, оның 46%-ы жас ғалымдар.

Оқи отырыңыз: Ғылыми ұйым қызметкерлерінің жалақысы өсті

Новости партнеров