Елімізде картоп тапшылығы бола ма

Lars Blankers/ unsplash.com/
Lars Blankers/ unsplash.com/

Картоп бойынша сұраныстың күрт артуына немесе нарықта өнім тапшылығының пайда болуына ешбір алғышарттар жоқ

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде картоп бойынша тапшылық жоқ. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

"Қазір Ауыл шаруашылығы министрлігі отандық картоп бар екенін нақтылады. Кеше ғана қосымша тізімді сауда орындарына жолдадық, яғни онда қолайлы бағадағы 15 мың тоннаға тарта картоп бар екені аталып өтті. Көлік шығындарын ескере отырып, бұл өнім дүкен сөрелерінде 240-280 теңге тұруы керек. Екіншіден, өткен аптамен салыстырғанда, бүгінде еліміз бойынша орташа есеппен 0,6 пайызға арзандағанын байқадық", - деді А.Шаққалиев Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, картоп бойынша сұраныстың күрт артуына немесе нарықта өнім тапшылығының пайда болуына ешбір алғышарттар жоқ.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда жыныс ауыстыруға тыйым салу ұсынылды

Новости партнеров