Елімізде су басу қауіпі бар аймақтарда дайындық қалай жүргізілуде

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Абай облыстары. Бұл – су басу қаупі бар аймақтар. Тасқынның алдын алу бағытында қазір нендей шаралар атқарылып жатыр? «Алматы» телеарнасының студи қонағы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайлардың алдын алу комитетінің бас маманы Бексұлтан-Али Рахымбаев жұмыс барысын баяндайды.

«Тасқынның алдын алу үшін Төтенше жағдайлар министрілігі және басқа да мемлекеттік органдармен іс-шаралар жүргізілді. Былтыр су тасқынынан кейін жеке талдау жасап, алдымызға қойылатын мақсат және де басқа да атқару керек іс-шаралар тізімін әзірледік. Соның нәтижесінде жергілікті атқарушы органдары және ТЖМ 1278 іс-шара жүзеге асырылған болатын. Судың арналарын нығайту, діндерін тереңдету және оларды тазарту жұмыстары сонымен қатар су бұру және өткізу құрылғыларын құру, арықтар немесе дренаждық жүйелер тазарту деген сияқты іс-шаралар жүзеге асырылды. Сонымен қатар ТЖМ, Президент әкімшілігі және де Үкімет апаратының қызметкерлерімен бірге су басу қауіпті аймақтарды шолу жұмыстарын жүргізген. Мемлекет басшымыздың тапсырмасы бойынша «Тасқын» ақпараттық жүйесі әзірленді. Бұл ақпараттың жүйе «Қазгидрометтің» болжамдары негізінде су басу, судың қай уақытта, қанша көлемде шайылуы мүмкін сияқты моделдеу жұмыстарын жүргізіп отырмыз. Адамдарды шұғыл басқа қауіпсіз аймақтарға көшіру бойынша эвакуациялық пунктар дайын.

 – Тұрғындарға қандай ескерту айтасыздар, неден сақтану керек?

«Тұрғындарға ең бастысы төтенше қызметкерлері алдын-ала ескертетін болса, мұқият тыңдап алған жөн. Жеке құжаттарын, құнды заттарын дайындап, қауіпсіз аймаққа көшіру жұмыстарына кдергі келтірмеген дұрыс. Үйден шығарда су және де басқа да электр көздерін міндетті түрде өшіріп кеткен жөн. Үйдің төменгі хабаттарында орналасқан терезелерді, есіктерді мықтап жапқан жөн. Ал су деңгейі азайғаннан кейін, қалған азық түліктерді қолданбаған жөн және де электр сымдарын мұқият қарапғ тексеріп алу керек. Ең алдымен үйді тазартып алып, кірген дұрыс.

Оұи отырыңыз: Атырауда жол апатынан зардап шеккен бозбала көз жұмды

 

Новости партнеров