Елімізде үш облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды

Bryan Goff/unsplash.com
Bryan Goff/unsplash.com

Республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 62 арнайы техника мен 96 маман жұмылдырылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

 

2025 жылғы 25 наурыз сағат 08:00 жағдай бойынша еріген қар сулардың салдарынан 3 облыстағы 3 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

  • Ақтөбе облысы: - «Қандыағаш - Ембі- Шалқар - Ырғыз» автожолының 3-92 шақырым аралығы (Қандыағаш қаласы - Ембі қаласы).
  • Қостанай облысы: - Қазақстан мен Ресей арасындағы бейтарап территориядағы Мариновка ауылына жақын аймақта (РФ шекарасы).
  • Солтүстік Қазақстан облысы: - «Петропавл қаласының айналма жолы» автожолының 4-7 шақырымы аралығында (Қожаберген жырау айналма жолынан Есіл өзені арқылы өтетін көпірге дейін).

Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 62 арнайы техника мен 96 маман жұмылдырылды.

Оқи отырыңыз: Алматыда 24-30 наурыз аралығында ауа райы қандай болады

Новости партнеров