«Ұлттық құрылтай – ұтымды ұсыныстар алаңы». Бұл – Бурабайда өткен келелі кеңестен кейінгі көптеген сарапшының ортақ ойы. Осыдан үш жыл бұрын Президенттің пәрменімен құрылған Ұлттық құрылтайдың алғашқы алқалы жиыны Ұлытауда болып, онда 42 ұсыныс ортаға салынған. Одан кейінгі маңызды басқосу киелі Түркістан өңірінде ұйымдастырылды. 2024 жылы Атырауда өткен құрылтайда 300-ге жуық мәселе талқыланып, 40 бөлімнен тұратын арнайы жоспар қабылданған. Ал биыл көрікті Көкше төрі, сексен көлдің саясында өткен құрылтайдан кейін не өзгермек? Ғылым саласын дамыту туралы нендей ойлар айтылды? Ұсыныстар ескерусіз қалмай ма? Осы сұрақтарға «Алматы» телеарнасының студия қонағы Ұлттық ғылым академиясы Пәнаралық ғылым орталығының директоры, жас ғалым Қуантар Әлиханов жауап береді.
Толығырақ бейнематериалдан көре аласыздар.