Қайта оралған қазына: Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі қабірхана есігі көпшілікке таныстырылды

Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

XIV ғасырдан сақталып келген қасиетті есік қалпына келтірілді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығында Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде сақталған қабірхананың оюлы ағаш есігі таныстырылды. Музей қызметкерлері көпшілікке есікті реставрациялау кезеңдері жайлы әңгімелеп, қалпына келтіру жұмыстарына тоқталды, сонымен қатар есіктегі жазбалардың мағынасын да түсіндірді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2018 жылдан бері екі жыл жүргізілген ғылыми-зерттеу нәтижесі бойынша XIV ғасырдан сақталып келген қасиетті есік көнеріп, өңі сыр бере бастаған. Соған байланысты 2021 жылы есік қалпына келтіру лабораториясына реставрация-консервация жұмыстары үшін жіберілген болатын.

«Бұл жоба барысында 3D-сканерлеу, рентгенография және нейтронды томография сияқты заманауи технологиялар қолданылды. Бес жыл бойғы қайта қалпына келтіру жұмыстарының нәтижесінде, есік ғасырлар бойы қордаланып қалған шаң-тозаңнан, зиянкестерден тазартылды.  Бұл қасиетті есіктің әлі ұзақ сақталуына сеп болып, осы уақытқа дейінгі белгісіз жазуларды да оқуға мүмкіндік беріп отыр», - делінген министрлік хабарламасында.

Реставрациялаудан өткен қабірхана есігі Түркістанға қайтарылып, «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей қорығында сирек жәдігерлер музейінің экспозициясына қойылды.

Оқи отырыңыз: Қызмет бабында қаза тапты: Жамбыл облысында полицейді соңғы сапарға шығарып салды

Новости партнеров