Қарағанды облысында жоғалып кеткен 50 шақты жылқы мұз астынан табылды

Мұздың жұқалығы салдарынан жануарлар суға құлаған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қарағанды облысында қайғылы оқиға болды: еркін жайылымда жүрген 47 жылқы суға батып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қарқаралы ауданының полициясына бір ауылдың тұрғындары өздеріне тиесілі малдың жоғалғаны туралы арызданды. Жоғалған жылқыларды іздеуге полиция қызметкерлері мен жергілікті тұрғындардан құралған еріктілер жұмылдырылды. Шамамен 10 іздестіру тобы құрылып, олар аумақты көліктермен және атпен аралады. Іздеу шаралары Қарқаралы ауданында ғана емес, облыстың көршілес аудандары мен Павлодар облысының Баянауыл ауданында да жүргізілді.

"Іздеу жұмыстарының нәтижесінде жоғалған жылқылар анықталды. Көлдердің бірінен 47 жылқының өлексесі табылды. Жануарлардың иелері өз малын таныды", - делінген хабарламада.

Алдын ала болжам бойынша түнде далада жүрген табын мұз басқан көлге түсіп кеткен. Мұздың жұқалығы салдарынан жануарлар суға құлаған.

Қарағанды облысының полиция департаменті ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне малды бақылауда ұстаудың маңыздылығын ескертеді. Малдың қараусыз жайылуы қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін: жануарлар ұрлықтың, жол-көлік және басқа да оқиғалардың құрбаны болуы ықтимал.

Оқи отырыңыз: Алматы облысында алаяқтардың 200-ден астам сайты бұғатталды

Новости партнеров